ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу апталығы аясында Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен көлік мектептері арасында «Біз өмірге сенеміз» атты сайыс өтті.
Аталған сайыстың мақсаты – болашақ жүргізушілерге жол қозғалыс ережелерін сақтамаудың салдары үлкен шығынға душар ететіндігін түсіндіру, насихаттау және алдағы уақытта осы тектес іс-шараларға ат салысуға шақыру болып табылады.
Сайысқа қаламыздағы 10 көлік жүргізуді оқытатын мектептердің оқушылары қатысты. Сайыс 2 кезеңді қамтыды, бірінші кезеңде үміткерлер жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсырса, екі кезеңде әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының алаңында көліктерімен бақ сынасты. Екінші кезең бір бағыттан келесі бағытқа ауысып қозғал, қоршаудың ішіне сызықты баспай, көздеп тоқтау, тұраққа дәл тоқтау, сегіздіктен айналып өту, сызықты баспай тұраққа тоқтау сияқты 5 шарттарынан өтті. Жарыстың басты талабы – белгіленген уақыт ішінде кедергілерді құлатпай өтіп шығу болып табылады. Сайыста Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу емтихан бөлімінің бастығы, жол-техникалық инспекциясының бөлімінің бастығы және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкері төрелік етті.
Тартысты өткен жарыстың жалпы қорытындысы бойынша, белгіленген уақыт ішінде үздік өнер көрсеткен «Әділ» көлік мектебі І орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарға «Техмаман» көлік мектебі мен «Ақжол» көлік мектебінің үйренушілері тұрақтады. Сондай-ақ, «Ең үздік көлік мектебі», «Жол қозғалысы ережесінің білгірі» және «Автоледи» номинациялары бойынша да жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетерлік жайт, жол-көлік апатының құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында «Еске алу аллеясының» аумағы белгіленген болатын. Осы аллеяға сайысқа қатысушылар мен әкімшілік полиция қызметкерлері 30-ға жуық ағаш отырғызды. Сайысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, осындай сайыстар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрса екен деген тілектерін бірдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі