ТАРАПТАР СУДЬЯ МЕДИАТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІТІМГЕРШІЛІК КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ
Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы «Finance арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер А.-дан банктік заем шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалған.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды шешуде сот медиациясымен аяқтауға келісімге келгенін көрсетіп, соттан дауды сот медиациясы тәртібімен шешуді сұрады.
13 қазан 2014 жылғы сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.
Талап қоюшының мемлекет пайдасына төлеген баж алымы қайтарылды.
Азаматтық істі судья М.Исаханова қарады. Медиатор судья болып К.Садуақасова қатысты.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі