ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТҚА ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ
Сот жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану кеңінен қолданып келеді. Мысалы, сот отырысын дыбыс, бейне жазба құралын пайдаланып қарау, электрондық бақылау іс жүргізу, сотқа электронды түрде талап арыз, өтініш беру, сотқа СМС арқылы шақыру.
Бүгінгі күні сотқа шақырған тараптарды тез шақыру үшін соттар олардың ұялы телефон номерлеріне қысқаша хабарлама (СМС) жолдайды. Аталған хабарлау түрі жеке және заңды тұлғаларға өте тиімді және уақыт пен қаражатты үнемдейді. Қазіргі күні соттан СМС алғанға жұртшылық үйреніпте қалды.
Бірақ, СМС арқылы алынған хабарламаны кейбір кездері қағазға шығарып алу керек болады. Мысалы, сотқа бару үшін оны жұмыс берушіге көрсету қажет.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) "Сотқа шақыру қағазы» (Судебная повестка) деген қысқаша текстті ашып көру және басып шығару сервисі іске қосылды. Электрондық сотқа шақыру қағазын көріп, қағазға шығарып алу үшін СМС келген ұялы телефон номерін теріп, алты санды құрайтын кодты енгізу қажет. Компьютерде PDF форматында электрондық сотқа шақыру қағазы көрінеді. Оны сақтап қоюға және басып шығаруға болады.
Электрондық сотқа шақыру қағазында қысқаша текст, шақырылған адамның аты-жөні, ұялы телефонының номері, жолданған уақыты және сот отырысы болатын орны мен күні көрсетіледі. Одан басқа электрондық сотқа шақыру қағазында сот органдарының Call-орталығының қысқа номері, ерекше номер, алынған күні және Қазақстан Республикасының сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы электрондық қол таңбасы қойылған мәліметтер жөнінде штрих-коды көрсетіледі.
Осындай әдіспен алынған электрондық сотқа шақыру қағазы 07.01.2003 жылғы №370 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми құжат болып есептеледі және қағаз жүзіндегі құжатпен теңестіріледі.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі