«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУДЫҢ РӨЛІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихындағы өлкетанудың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынды ашқан университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры – бірінші проректор Абайбек Жүнісов аталмыш конференцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын «ХІХ ғасырдың ортасындағы тарихи үдерістегі Жаңақорған тарихының тұлғалану мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанның өркендеп дамуы үшін үлкен үлес қосып келе жатқан Сыр өңірінің тарихы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Сыр батырлары, ахун-ишандар туралы жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері төңірегінде жан-жақты ой-тұжырымдар айтты.
Оқылған баяндамалар және конференцияны ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде конференцияға қатысушылар өз ұсынымдарын қабылдады. Конференция жұмысы одан әрі «Қазақстан тарихын зерттеудегі өлкетанудың орны», «Сыр өңірі тарихының қазіргі кезеңдегі зерттелуі», «Өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуының зерттелуі», «Сыр өлкесінің мәдениеті мен әдебиетінің тарихы» секцияларымен жалғасты. Жалпы, осы конференция аясында ғалымдардың 60-қа жуық баяндамалары тыңдалды.