ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ
Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Ербол Әлішеров облыс тұрғындарына «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасында ескертті.
Жыл басынан бергі орын алған өрттің сандық көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда өрт оқиғалары 45-ке артқандығын айта кетіп, төтенше жағдайлардың орын алуына себеп болатын жағдайларды үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертті. Яғни, кішкене баланың сіріңкемен, электр жүйелерімен ойнамауын назарда ұстау, ішімдік ішкен күйде шылым шекпеу, табиғи газды пайдаланар уақытта өте мұқият болу керектігін тілге тиек етті, - Е.Әлішеров.
Сонымен қатар, аталған телебағдарламаға Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Марат Қобландиев қатысты. Ол облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының атқарып отырған жұмысына тоқталды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы