ЕЛОРДАЛЫҚТАРҒА «ASTANA ЭКОТАXI» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ
Елордалықтар енді «Astana ЭкоТaxi» көліктерінде жүйткитін болады. Бас шаһарда «Astana ЭкоТaxi» инвестициялық жобасы бойынша 70 көлік пайдалануға берілді.
Экологиялық көліктердің жұмысымен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов танысты. Сұйытылған газбен жүретін көліктердің ірі таксопаркін құруды мақсат тұтқан жоба жолаушыларға заңды әрі заманға сай қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ бұл көліктер саны 2017 жылға қарай 500-ге жетеді деп жоспарлануда. Қала халқына қызмет көрсететін экологиялық таза көліктер, оңтүстік кореялық SsangYong брендімен Қостанай қаласында құрастырылып жиналған. Халықаралық сапа стандарттарына сай келетін олар GPS навигациясы, жол жүрісін төлеу терминалы және Астана бойынша жол көрсеткіші және ақпаратты мультимедиялық жүйемен жабдықталған.
24.kz