ДІН МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТАРДА ЖУРНАЛИСТ ДІНТАНУШЫ МАМАНМЕН КЕҢЕСКЕНІ ЖӨН
Дін мәселесінде кейбір тілшілердің салғырттығынан қоғамда теріс пікір қалыптасып, жат діни ағымдардың алдын алуға кедергі болады.
Кеше облыстық дін істері басқармасының ұйымдастырумен «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен семинарда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің оқытушысы, дінтану магистрі Б.Оспанов осылай деді.
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріндегі БАҚ-тың рөлі» тақырыбында өткен оқыту семинар бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистердің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы кеңінен әңгіме өрбіді. «Бұқаралық ақпарат құралдарына материалды жарияламас бұрын дінтанушы мамандармен кеңесіп алған жөн», - деді Б.Оспанов.
Фариза ОМАРОВА