ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекен жайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция»бөлімін таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.