«ТІЛ – ХАЛЫҚ ЖАНЫН ТАНУДЫҢ КІЛТІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
2014 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға Арал, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының мектептерінен 14-22 жас аралығындағы 11 талапкер қатысты.
Байқауға қатысушыларды басқарма басшысы Ә. Жарылқағанов құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 10-сынып оқушысы Набира Баркова (Қазалы ауданы) І орынды жеңіп алса, №81 орта мектептің 8-сынып оқушысы Надежда Невзорова ІІ орынды (Арал ауданы), Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей оқушысы Мария Лаврова ІІІ орынды (Сырдария ауданы) иеленді.
Ал, №3 аграрлы-техникалық колледжінің оқушысы Петова Лидия (Жаңақорған ауданы), көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқушысы Потапова Вера (Қызылорда қаласы), №198 орта мектептің 10-сынып оқушысы Тихоненко Максим ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы желтоқсан айында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.
Қызылорда облысының тілдерді дамыту
басқармасының баспасөз қызметі