ЖАЛАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА БАҒА БЕРДІ
Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында Жалағаш ауданы Шаменов ауылында Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Құланбаев Бостан Сағынәліұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өткізілді. Кездесуге Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімшесінің бастығы Өтегенов Әміржан Сермаханұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әйелдер кеңесінің төрайымы, ауыл имамы және ауыл тұрғындары қатысып, ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы есебін тыңдады.
Жалағаш ауданы учаскелік полиция инспекторы ауыл көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, жеке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған профилактикалық шараларды ұйымдастыруға бағытталған жұмыс жоспарымен және 9 ай ішінде жасалған жұмыстарымен бөлісті. Ол өз есебінде орын алған 52 құқық бұзушылыққа әкімшілік шара көрілгенін, оның ішінде қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 азаматқа хаттама толтырылып, айыппұл салынғанын, ҚР аумағында тіркеусіз және жеке басты куәландыратын құжаттарынсыз тұрған 15 азаматқа, аңшы мылтығын сақтау ережесін бұзған үшін 3 азаматқа, түнгі мезгілде жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін 3 азаматқа, аңшы мылтығын қайта тіркеуден өткізбеген 1 азаматқа әкімшілік шара көріліп, 2 азаматқа қарсы қорғау нұсқамасы қойылғанын жеткізді. Бұрын сотты болғандармен және маскүнем ретінде есепте тұратын азаматтармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, олардың мінез-құлықтары үнемі бақылауда екенін ескертті.
Сондай-ақ, әкімшілік аймақта мектеп мұғалімдерімен бірлесіп, ауыл ішінде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың түн мезгілінде заңды өкілінсіз бей-берекет жүруінің алдын алып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар өткізіліп жатқандығын сөз етті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сауалдарын қойып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауылдағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мәселен, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахымбайұлы Далдабай: «Ауылда ерікті жасақшылар сарбаздарын ұйымдастырып, жастардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтарды ардагерлер кеңесінде қарап, ата-аналарымен қоса жиналысқа салу керектігін» жеткізді. Ал, ауыл ақсақалы Сағынәліұлы Құланбай: «үлкен тас жолдарда мал өтетін жерлерге белгі қойып, кент орталықтарында орналасқан бағдаршамдарға бейнекамера қою керек» деген ұсынысын білдірді.
Ауыл тұрғындары өзіне жүктелген күрделі істі адал атқарып жүрген учаскелік полицейдің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі