ҚЫЗЫЛОРДАДА 16 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ШЫРША ОРНАТЫЛМАЙДЫ
Қызылорда облысында жаңа жыл мерекесіне дайындық 16 желтоқсаннан кейін басталады. Ал Тұңғыш президент күні мен тәуелсіздік мерекесі аймақта кең көлемде атап өтілмек. Астанада өткен брифингте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа жыл мерекесіне дайындықтың тек қана Тәуелсіздік күнінен соң басталатынын айтқан болатын.
Ал 1-16 желтоқсан аралығындағы әрбір күнді Қызылорда халқы арнайы атап өтеді. Нақтылай түсер болсақ, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекелерін атап өтуге байланысты жаңашыл бастамалар жүзеге аспақшы.
Еліміздің ең негізгі мерекелері "16 жұлдызды күн" айдарымен ұйымдастырылмақ.