ҚЫЗЫЛОРДАДА 2014 ЖЫЛҒА «БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ-2» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ
2014 жылдың басынан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында облыстың 190 табысты кәсіпкері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші 2» жобасында оқудан өтті.
«Бизнес–Кеңесші - 2» - бұл жұмыс жасаушы табысты кәсіпкерлерге арналған оқыту курсы, аталған курста бизнестің бірнеше салалары бойынша тематикалық тренингтер өткізілді. Негізгі мақсат – тренинг-семинарлар арқылы жұмыс жасаушы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады.
Барлығы Қызылордада 8 семинар-тренинг ұйымдастырылды, бұл семинарларда кәсіпкерлер ЖШС "Алматылық басқарудың жоғары мектебі" компаниясының білікті тренерінен бизнесті сапалы дамыту мен басқаруды өздігінен ұйымдастыруға оқытылды. Жобаның өзі 2013 жылы бастау алып, бүгінгі таңда бизнесті жүргізуде біліктілік жетіспеушілігінен бірқатар қиындықтарға душар болып отырған өңірдің кәсіпкерлері арасында аса танымал болды.Тренингте қатысушылар компанияның құрылымын жақсарту мен қызметкерлерді таңдау және басқарудың кәсіби жолдарына үйренді. Қатысушылардың сөзінше, семинар аясында бизнесті бәсекелестікке сай құру үшін компанияның алдында тұрған проблемаларды нақты шешуге бағытталған тиімді басқаруды құра білу қажет.
Семинар қатысушысы, «Prime Clinic» клиникасының директоры Абдусамат Мұхаммед өзінің семинардан алған әсерімен бөлісіп, өз сөзінде: - Даму Қорымен мен бірнеше жылдан бері бірге жұмыс жасап келемін, өз бизнесімді мен жақында аштым және бұл қадамға Қордың менеджерлерімен кеңесе отырып бардым. Дәл қазіргі уақытта мен бизнесте қиындықтарға тап болып отырмын, маған басқа кәсіпкерлердің бизнестегі тәжірибесі мен білімі аса қажет болып отыр. Өйткені кәсібімді бастағандықтан, қиындықтарға мойымай одан әрі табысты жүргізу үшін біліктілікті арттыруым керек. Сындықтанда «Бизнес–Кеңесші -2» тренингіне қатыстым. Оқыту семинары менің ойымнан шықты, әсіресе тренер Бектас Жолымбетов ұнады. Бұл тренер сертификатталған коуч, МВА Kingston University USA тыңдаушыларының таңдауы ретінде танылған «Лидер болуда жаңа қадам – дағдарыстан шығу жолы» атты кітаптың авторы екені мәлім. Бектас Жолымбетов тыңдаушыларының білімі мен біліктілігін арттыру үшін жан дүниесімен жұмыс жасайтын ерекше адам. Оның семинарына алғашқы рет қатысқаннан әсер алғаным соншалық, кейіннен тағы да 3 рет келіп, тренердің кеңестері арқылы жаңа мүмкіндіктер шешімін таптым деп айта аламын, - дейді Абдусамат Мұхамед.