ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАҢАДАН РЕДАКЦИЯЛАНҒАН КОДЕКСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Заңнамалық базаны ел Конституциясының жаңа нормаларымен, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіру мақсатында 4 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, келесі жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енетіні белгілі.
Осыған орай, қазіргі таңда жаңа кодекстерді қолданғанда қиындықтар туындамауы үшін құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқу, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Осындай мақсатты көздейтін семинардың бірі Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының ғимаратында өткізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің мән-жайлары мен 2014 жылғы 17 сәуірдегі қабылданған «ҚР жол жүрісі туралы» Заңы түсіндірілген семинар-кеңеске Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасының міндетін атқарушы судья Шалқар Қожантаев арнайы шақыртылып, Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы және барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастықтары, орынбасарлары, әкімшілік практика және жол- патрульді полиция бөліністерінің қызметкерлері қатыстырылды. Кеңес отырысын Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алтынбек Ахметов ашып, жоғарыда аталған кодекске толықтырулар мен өзгерістер енгізудің маңызын қысқаша баяндап, Кодексте сілтемелер азайтылып, құқық бұзушылық бойынша нақты баптар көбейтілгенін ескертті. Сонымен қатар, орын алған құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл мөлшері де біршама ұлғайғанын атап өтті. Мәселен, қолданыстағы кодекстің 336-1 бабы бойынша тыйым салынған қоғамдық орындарда темекi шеккені үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, салынатын айыппұл мөлшері 2-ден 5-ке дейін делінген. Ал жаңа кодекстің 441- бабында 6 айлық есептік көрсеткіш болып нақты сомасы белгіленгендігін көрсетті.
Сондай-ақ, семинар-кеңесте жүргізушілерді даярлау тәртібі мәселесі де сөз болды. Осы бағыттағы ақпаратты департаменттің әкімшілік полиция басқармасы емтихан қабылдау және тіркеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Н.Садықов берді. Ол өз баяндамасында жүргізушілерді даярлау тәртібін бұзғандарға да жауап қатайғанын және жүргізуші куәліктерінің жаңа түрлері енгізілгенін атап өтті.
Өзекті мәселелер көтерілген семинарда айыппұл салу тәртібіне, құқық бұзушылықты тіркеу тәртібіне енгізілген өзгерістер жайлы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар талқыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі