ҚЫТАЙЛЫҚ ЖАҢА ҚАУІПТІ ВИРУС IPHONE МЕН IPAD-ҚА ШАБУЫЛДАУДА
Apple өнімдерін қолданушыларға iPhone және iPad, сондай-ақ компанияның басқа да жабдықтарын зақымдайтын WireLurker атты жаңа әрі қауіпті вирус туралы ескерту таратылды. Бұл туралы The New York Times газетіне сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz сайты хабарлайды.
Қазіргі уақытта зиян келтіргіш негізінен Қытай өнімдерін тұтынушылардың құрылғыларын бүлдіруде. Бірақ сарапшылар мұның ғаламдық сипат алып кетуі мүмкін екендігін жоқа шығармайды. Вирус Mac OS X және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін iPhone, iPad және басқа да жабдықтарға Apple өнімдеріне арналған қосымшалар арқылы тысқары онлайн-дүкендерден еніп кетіп, қолданушының ақпараттарын көшіріп алады. Америкалық Palo Alto Networks компаниясының деректері бойынша, WireLurker вирусы 400-ден астам қосымшаларға «індет» жұқтырған. Соңғы жарты жылда вирусты бағдарламалар 356 мыңнан артық рет көшіріліп алынған. Сарапшылар бұл iPhone, iPad және Apple өнімдерінің басқа жабдықтарын қолданушылардың 100 мыңнан астам құралдарын бүлдіруі мүмкін деп болжауда.