ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУГЕ ДАЙЫН
«Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің жанынан «Заңғар» ерікті жас заңгерлер клубы құрылды, - деп хабарлайды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.
Клубқа жас заңгерлер, құқықтық мамандық бойынша оқитын студенттер және өзінің құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, қоғам мүддесі үшін қызмет етуге дайын 18-29 жас аралығындағы кез-келген белсенді азамат мүшелікке қабылданады.
Арнайы дайындықтан өткен клуб мүшелігіне қабылданған азаматтар ғылыми-теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын сабақтастыру арқылы, жас жеткіншектерге, студенттерге, еңбекші жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық кеңес беріп, көмек көрсетеді.
Фариза ОМАРОВА