БІЗДІҢ ЕЛДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕК ЕМІН-ЕРКІН САТЫЛУДА
Қазақстан велоспорт федерациясы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне елімізде "Рекорман" дәрісін рецепсіз негізде сатуға тыйым салуды өтініп, ресми хат жолдады, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Бұл дәрмек аэробты шыдамдылық (төзімділік) қажет спорт түрлерінде – жеңіл атлетиканың барлық түрлерінде, сондай-ақ шаңғымен жарысу және велосипед бейгелерінде – жұмыс істеу қабілетілігін арттыруға ықпал етеді.
Кеше кешкісін Қазақстан велоспорт федерациясы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне елімізде "Рекорман" дәрісін рецепсіз негізде сатуға тыйым салуды өтініп, ресми хат жолдағандарын мәлімдеп, арнайы баспасөз жиынын өткізді. Оған Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева мен ҚР велоспорт федерациясының Атқарушы директоры Дмитрий Муравьев қатысты. Лауазымды тұлғалар допинг болып танылған эритропоэтиннің жасанды аналогы Қазақстанда емін-еркін сатылатындығына көңіл аударып, оған тыйым салу керектігін баса айтты. Жалпы, допингпен күрес жолында әр түрлі заңнамалар қабыдануы керек екіндігі де тілге тиек етілді.