ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 33 ТҰРҒЫНЫ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН КСРО ТӨЛҚҰЖАТЫМЕН ЖҮРГЕН
Қызылорда облысында соңғы екі жылда 33 тұрғын 1974 жылғы үлгідегі Кеңес үкіметі төлқұжаттарын қазіргі Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктеріне алмастырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы 2 адам осылайша төлқұжатын алмастырған, ал 2013 жылы 31 адам жаңа куәлік алған. Негізінен Кеңес үкіметі кезіндегі төлқұжаттармен шалғайда тұратын малшылар мен тұрғылықты жері жоқ адамдар өмір сүрген. Яғни, азаматтар мемлекет аумағында өз елінің құжатынсыз 20 жыл өмір сүрген.