ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН, ІСКЕ ҚАТЫСУШЫ ӨКІЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.Тұрғанбаев қорғаушылар Б.Исакова, З.Кожабергенова, азаматтық істер бойынша сенім хат арқылы іске қатысушы өкілдер А.Казарян, Г.Карабаевалармен талап арыздардың дұрыс рәсімделуін талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Сот төрағасы М.Тұрғанбаев сотқа талап арыз берудің тәртібін, берілген талап арызға қойылатын талаптар, іс бойынша өкілдік етудің негіздемелерін, өкіл болушының міндеттерін түсіндіріп, қорғаушылар мен өкілдер тарапынан сот жұмысына қатысты пікірлерін сұрады.
Сонымен қатар, сот төрағасы талап арыздың АІЖК-нің 150 талабына сәйкес болуын және оған тіркелетін құжаттардың толық болуын, сонымен қатар қол қоюшы өкілдің өкілеттігін негіздейтін сенімхат тіркелу қажет екенін түсіндірді. Себебі осы құжаттардың жетіспеушілігінен талап арыздың қозғалыссыз қалдыру жағдайлары және қайтарылу санының көбейіп отырғанын жеткізді.
Қатысушылар төрағаның бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулердің жиі болып тұруына ниеттерін білдірді.
Өкіл болып қатысушы А.Казарян талап арызға тіркелген сенімхаттардың түп нұсқасын мүмкіндігінше тездетіп қайтарылса деп өтініш жасады.
Төраға М.Тұрғанбаев А.Казарянға сенім хаттың түп нұсқасы талап арыз бойынша қабылданған шешім заңды күшіне енгенше іс құжаттарымен бірге болу керектігін түсіндірді.
Қорғаушы З.Кожабергенова негізінде әрбір талап арыз бойынша бір сенім хат болу керектігін атап өтті.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі