АУЫЛДАРДА ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ЖАСАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Жаңақорған, Арал және Қазалы аудандарының үш елді мекеніне облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің теңгерімінен негізгі өрт сөндіру көліктері берілді.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрі 14 сәуірде «Дамудың 90 күні» жол картасын бекіткен еді. Онда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмыс қарқынын жандандыру мақсатында нақты тапсырмалар белгіленген. Соның ішінде халық саны 4 мыңнан асатын өрттен қорғалмаған ауыл-аймақтарға 20 шақырым радиуста орналасқан ауылдар мен кенттерде ерікті түрде өрттен қорғау қызметін қамтамасыз ету мәселесі басты назарға қойылған.
Жол картасы аясында Жаңақорған ауданының Аққорған, Арал ауданының Сексеуіл, Қазалы ауданының Қожабақы елді мекендеріне арнайы көліктер бөлінді. Сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ ауылдарда құрылатын ерікті өрт сөндіру жасағы мүшелерін «ӨСжАҚЖҚ» ММ кәсіби дайындық мектебінің базасында алғашқы дайындықтан өткізу және оқыту мақсатында арнайы оқу жоспары мен сабақ кестесі бекітіліп, 17 адам сынақтан өтіп, оларға куәліктер табысталды.
Сағыныш ТУМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨСжәне АҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі