КЕЛЕР ЖЫЛДАН БАСТАП МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘН ҚОСЫЛАДЫ
Келер оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары «Ғылымға кіріспе» пәнін оқиды. Бұл оқулық 12 жылдық білім беру бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Еліміз бойынша жалпы саны 30 мектепте қанатқақты жоба ретінде іске асырылады.
Әр облыста 2 білім ошағы, Алматы мен Астана қалаларында бір оқу ордасы сынақ алаңы ретінде алынды. Жауапты министрлік өкілдерінің сөзінше, бұл пән өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етпек. Ал енді ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға "ауыр тимейді" деп сендіріп отыр. Өйткені, балалардың жас мөлшері назарға алынған.
«Ғылымға негіз - деген атаудан еш қорқудың қажеті жоқ. Баларға зертхана жасатып, терең теоремалар емес, айналадағы қоршаған ортаға, өмірге деген ғылыми тұрғыдан қарауды үйрету, барлығының астарында қандай құпия жатқанын үйрету», - деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ.