ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекетін, олардың кәсіби және іскерлік қасиеттерін жан-жақты, объективті бағалау мақсатында департаменттің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер 2014 оқу жылының қорытындысы негізінде сынақ тапсырды.
Сынақ барысында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы мен дене шынықтыру нормативтерін орындау бойынша және күйзеліске төзімділік психологиялық тест сынағы қабылданды. «Азаматтық қорғау туралы» Заңынан тест департаменттің мәжіліс залында, дене шынықтыру нормативтері қаладағы «Құтқарушы» стадионында, психологиялық тест сынағын психолог бөлмесінде өткізілді. Дене шынықтыру нормативтін орындау кезінде сала қызметкерлері қашықтыққа жүгіру, 100 метрге жылдамдықпен жүгіру, сымтемірге тартылу, мұнараға шабуылдау сатысымен көтерілу /штурмовка/ сияқты жаттығу түрлерінен сыналды. Жалпы департамент бойынша аталмыш сынақты 66 қызметкер тапсырды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі