ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Кеше Қызылорда ОІІД-нің кіші мәжіліс залында ішкі істер бөлімшелердің құжат айналымы мен мұрағат ісіне жауапты мамандарына арналған семинар-кеңес өткізілді. Кеңес «Іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыстарын (ЭҚАБЖ) ұйымдастыру» тақырыбында өрбіді. Семинар-кеңесті ҚР ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бахыт Өмірсейітов және аталған басқарманың сарапшысы Захара Құсайнова жүргізді.
Сөз тізгінін алған Бақыт Өмірсейітов жоғарыда аталған құжат айналымының, ведомстволық мұрағаттың жай-күйі, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасаудағы проблемалар туралы баяндап берді.
Семинар-кеңеске қатысқан ҚР ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы З.Б.Құсайнова электрондық құжат айналым жүйесін қолдану, ұйымдастырушылық-өкімші құжаттардың тіркелуі, ішкі хат алмасуды жүргізу, орындаушылармен уақытылы орындау карточкаларын толтыру, электронды цифрлық қолтаңбамен шығыс құжаттарын жолдау мәселелері жайлы сөз етті.
Семинар-кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі