АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шағым беруші М.-ға азамат Б.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық істі қарап аяқтады.
М. сотқа берген шағымында, онда Қызылорда қалалық сотының 07 мамыр 2009 жылғы сот бұйрығымен борышкер Б.-ны 23 маусым 2004 жылы туылған Т.-ны және 15 қаңтар 2008 жылы туылған С. атты балаларын асырап бағу үшін алимент өндірілгенін, бірақ Б. алимент төлеуден қасақана жалтарып жүргенін көрсетіп, азамат Б.-ға қарсы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғауды сұраған.
Сот отырысының қаралу барысында сотталушы Б. өзіне алимент бойынша қарыз сомасы 515 014 теңгені толық өтегенін, сотталушымен татуласқанын, айыбынан бас тартатынын, істі өндірістен қысқартуды сұрап, бітімге келді.
Мамандандырылған соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 394 бабының 1 бөлігінің 2 тармағына сәйкес, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқандықтан және тараптар бітімге келгендіктен іс өндірістен қысқартылды.
Соттың баспасөз қызметі