ҚҰТҚАРУШЫЛАР БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Кеңейтілген жиналысқа ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Мұрат Емелұлы Келесов төрағалық етіп, атқарылған жұмыстар турасында баяндама жасады.
2014 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі негізгі мақсаты жөнінде айтылды. Департамент жалпы ҚР ТЖ Министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына, ҚР ТЖМ-нің операциялық жоспарына, ведомстваның алқа қаулыларында берілген тапсырмаларға сәйкес жұмыс жасайтыны жөнінде айтты.
- «Талдау көрсеткендей, Қызылорда облысы аумағында 2014 жылдың І жарты жылдығында төтенше жағдайлар оқиғасының саны 304-ті құрады, оның ішінде 43 төтенше оқиғасы болды. Төтенше жағдайлар кезінде 101 адам зардап шегіп, 29 адам қаза болған. Есепті мерзімде өнеркәсіптік 75 кәсіпорын және 398 нысан тексерілген, 719 техника қауіпсіздігі ережесі мен нормасының бұзылуы анықталған. Оның 601-і белгіленген мерзімде қайта қалпына келтірілген. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында есепті мерзімде облыс бойынша әр түрлі бағыттағы 501 нысан тексерілді, сондай-ақ, 27620 тұрғындарға профилактикалық үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізілді», - деді М.Келесов.
Қызылорда облысы ТЖД Баспасөз қызметі