«САРАТС-2» ЖОБАСЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ
«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінде жүзеге асырылатын жұмыстарды сарапқа салған қоғамдық тыңдау өткізілді.
Оның жұмысына облыстың басқарма басшылары мен су мамандары және Халықаралық қайта құру және даму банкінің сарапшылары қатысты. Қоғамдық тыңдауды ашқан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов «САРАТС» жобасы халықаралық және өңірлік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылатын ең ауқымды жоба екенін атап өтті.
Мұнан кейін сөз алған «САРАТС-2» жобасының жетекшісі Серік Смайлов жобаның қоршаған ортаға әсері жөнінде айтты. Негізі жобаны жүзеге асырудағы мақсат өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту көзделген. Сондықтан да онда бірінші кезеңдегі барлық жағдай толығымен ескерілген. Ерекше айтарлығы сол, теңіз айдынының алаңы елді мекендерге жетіп, теңіздің кеуіп қалған ұлтанынан ұшқан шаңды тұздар азайып, экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарады. Туризмді дамытуға да жол ашылады.