ОҢАЙ ОЛЖАҒА КЕНЕЛЕМІН ДЕП...
Қызылорда облысының тұрғыны есірткі затын тауып алып, оны үйіне әкеліп, заңсыз тауық кепесінде ұстаған. Содан кейін, сатып алушыларды іздей бастаған. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бір күні үйіне екі жігіт келіп, одан есірткі затын сатып алатынын айтқанда, сотталушы оларды тауық кепесіне кіргізіп, кептірілген марихуананын 1 стаканын 5000 теңгеге сатуға келісіп, 40 стаканды өлшеп, пакетке салып береді. Одан кейін жігіттер келген машинаның қасына барып, олардан 200000 теңге алған. Сол сәтте көлікте отырған екі жігіт оны ұстап, өздерін полиция қызметкерлері екендігін айтқан. Сатылған 40 стакан есірткі заттан басқа, тінту кезінде, тауық кепеде тағыда 4208 грамм кептірілген марихуана табылды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шынар БЕКБАН