ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 34 МЫҢ 165 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ
Қазақстан жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кешенді тестілеу қорытындыларына байланысты өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
«Жалпы кешенді тестілеу ойдағыдай өтті, нәтижесі де барлық көрсеткіш бойынша өткен жылғы деңгейден жоғары. Сонымен қатар, кеше, 23 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін Қазақстан жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды. Соған орай, ұлттық бірыңғай тест пен кешенді тест тапсырған талапкерлер білім грантын алуға өздері өтініш беретін болады», - деді Т. Балықбаев.
Еске сала кетсек, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 34 мың 165 грантты құрайды. Оның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 31 мың 135 грант болса, қысқаша оқыту гранты - 500, дайындық бөліміне 2530 грант бөлінген. Осы гранттар 31 шілдеге дейін өтініштерін тапсырған талапкерлер арасында республикалық конкурс арқылы айқындалады.
«Бүгінгі таңда гранттың ең көп бөлінген бағыты техникалық ғылымдар - 12 мыңнан астам. Сонымен қатар, гранттағы 5864 орын - педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына бөлініп отыр», - деді Т.Балықбаев.
«Қазақпарат»