ҚЫЗЫЛОРДАДА 12 ЖАСАР БАЛА ӨЗІНЕН КІШКЕНТАЙ ОҚУШЫЛАРМЕН ПАРТАДА ОТЫР
4 жыл мектепке бармаған бала білімін қайта жалғастыратын болды. Қызылордалық 12 жасар Ерназ Жұмабаевтың отбасы сот орындаушыларға қарсылық танытуда. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, анасы екінші сыныпты тәмамдағаннан кейін Ерназды мектепке жіберуден бас тартқан.
Қатарластары бүгінде жетінші сыныпқа көшкен Ерназ болса, екі жылдық біліммен шектеліп отыр. Сондықтан сот оның анасын аналық құқығынан айырған.
Алайда, Ерназды жақындарынан алу оңайға соқпады. Баланы атасы мен анасынан алу сот орындаушылар үшін оңайға түспеді. Қарсыласып баққан ақсақал, табалдырықта отырып алып, үйге кіргізбеуге барынша тырысып бақты.
Тіпті атасы қолына таяғын алып, соттың шешімін орындауға келгендерді ұрып, үйге жақындатпады.
"Атасы баланы бермейміз деп күш көрсетті қаншама, қолында таяғымен біздің сот орындаушыларды ұрды, соқты, көршісінің үйіне балкон арқылы секіртіп баланы көршінің үйіне тығып қойды. Сонда да үйіне күшпен кіріп балконнан кіріп, ар жағынан баланы алып шықты", - дейді Қызылорда облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің бастығы Ақәділ Махамбетов.
Ал қалалық білім бөлімі болса, үш жылдан бері осы отбасымен соттасып келе жатыр екен. Айтуларынша, Ерназдың анасы жергілікті билікке жөнсіз талаптар қойып, баланы төрт жыл бойы сабаққа жібермей келген.
"Жер сұрайды, кезексіз пәтер беріңдер дейді. Сол менің талаптарым орындалған жағдайда ғана баламды мектепке беремін дейді. Оның бәрі заңға сәйкес жүргізіледі. Қазір 7 оқитын бала 3 сыныптың балаларымен қатар отыр. Бірақ қазір заңға сәйкес сабақ процестері өтіп жатыр", - дейді Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралабаев.
Қазір Ерназ қаладағы № 1 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленуде. Ақжарқын бала мұнда тез үйреніп кетіпті. Дегенмен, жасы он екіге келсе де, өзінен кіші оқушылармен бір партада отырғанына намыстанатын тәрізді.
"Негізі мен қазір үшінші сыныпта оқимын. Бірақ 7-ші сыныпта оқығым да келеді. Мектепке барып, кейде үш оқығаныма да ұяламын. Көп нәрсені үйреніп жатырмын. Балалары жақсы бұл жақта, барлығымен достасып алдым, бәрі көмектеседі", - дейді Ерназ.
Осылайша, Ерназ үлкендердің қателігі салдарынан қатарластарынан қалып, жөнді білім де ала алмаған. Ал ұстаздары шәкіртінің үлгерімі жақсы болса, келесі тоқсанда жоғарғы сыныпқа көшіру мәселесін қарастыруға уәде берді.