АЙМАҚТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ АРТЫП БАРАДЫ
Қызылорда облысында құқық қорғау органдары тіркейтін сыбайлас жемқорлық істері едәуір артты.
«Биыл өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық істері 21,2%-ға артты, өткен жылы 85 болса, осы жылы 103-ке жетіп отыр. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалардың қатарында ішкі істер, білім, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері бар», - дейді Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Руслан Райханов.
Нақтырақ айтсақ, ішкі істер органдарының қызметкері – 11, білім – 5, қылмыстық –атқару жүйесі және төтенше жағдайлар – екі-екіден.
Бұған қоса, 66 мемлекеттік қызметшінің 56-сы прокурорлық әрекет ету шарасымен тәртіптік сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылды. Олардың ішінде 23-і – ішкі істер органдарының қызметкері, 17 – білім мекемелері, 6 – жер қатынастары, 5 – қылмыстық-атқару жүйесі.