ТАТУЛЫҚ –ТЕҢДЕССІЗ БАҚЫТ
Елбасы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құрып, этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін түбегейлі қалыптастырды. Бүгінгі таңда этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт – Ассамблеяның орны биіктеп келеді. Тіпті Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге үлгі көрсете отырып, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін танытты.
«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр» деді Н. Назарбаев.
Өте орынды ой қозғаған Елбасы ассамблея қызметін жандандыруға, бір шаңырақ астында көпұлтты халық тату тіршілік кешуіне ықпал етіп, үлкен мүмкіндік жасады.
Ассамблеяның тәуелсіздік жылдарында құрылымдары кеңейіп, ауқымы артқаны рас. Оның жаңа мәртебесіне сәйкес күшейту, жаңа деңгейге көтеру бағытында 2014 жылы Елбасының тапсырмасымен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Республика бойынша Сыр өңірінде ғана аталған мекеменің этносаралық мәселелері жөніндегі эксперті жұмыс істейді.
Достықтың діңгегі іспетті «Достық үйі» ашылғалы бері онда көптеген игі шаралар өткізілуде. Мәжіліс, концерт залдары қоғамдық бірлестіктер үшін диалогтық алаңға айналды. Одан бөлек, Достық үйінде этнос өкілдерінің қазақы мәдениетке жақындай түсуі үшін бар жағдай жасалған. Олар татулық пен бірлік үйінің мұражайындағы қазақ халқының көне жәдігерлерімен таныса алады. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің тарихи қол еңбектері, киімдері мен музыкалық аспаптары да онда қойылған. Мұражайда қазіргі таңда 68 экспонат сақтаулы. Облыстағы этномəдени бірлестіктердің мəдени күндері, əр этностың ұлттық мерекелері тұрақты түрде кеңінен аталып өтіледі. Бұл облысымыздағы барлық этностардың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Қазақстанда тұрып жатқан әр этностың өкілі келешек ұрпағымыз үшін достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысып келеді. Облыстағы этномəдени бірлестіктердің мəдени күндері, əр этностың: Наурыз, Құрбан айт, Рождество, Сабантой, Сольналь, Остерн, Песах, Масленица, Пасха сынды ұлттық мерекелері тұрақты түрде кеңінен аталып өтіледі. Бұл облыстағы барлық этностың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
Бүгінгі күні облыстық ассамблеяның құрылымдары өңірдегі берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің қалыптасуына, қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда облыстық ассамблеяның 11 этномәдени, 6 этнобағытталған бірлестіктері, 145 аналар кеңесі, 155 қоғамдық келісім кеңесі, 22 достық клубы, 1 ғылыми-сарапшылық тобы, 1 медиация кабинеті, облыстық мәслихатта депутаттық тобы, меценаттар тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, жастар қанаты, ақпараттық-насихаттық тобы бар. Осындай үлкен ауқымдағы қызметтері ассамблеяның іргелі шаңырақ және татулықтың теңдессіз тірегі екенін көрсетті.
Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі – медиация институтын дамыту болып отыр. Соған сай 2016 жылдың 31-ші наурызында «Достық үйінде» медиация кабинеті ашылды және облыстың кәсіби және кәсіби емес медиаторларының ортақ базасы жасақталды. Бұл бағытта облыс көлемінде 38 кәсіби және 343 кәсіби емес медиатор жұмыс жасайды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы, облыстық прокуратура, әділет, ішкі істер департаменттері, білім басқармасы, Судьялар одағы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы», «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына келтіру» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының басшылары медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы 11 жақты меморандумға қол қойды. Ал, облыстық ассамблеяның ақпараттық-насихаттық тобы «Дін істерін зерттеу» орталығымен бірге қала көлеміндегі 16 оқу орнында экстремизмге, нәсілшілдікке, этникалық және діни шыдамсыздыққа жол бермеу мақсатында «Мәңгілік Ел: негізгі өлшемдер», «Үлкен ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасының негізгі құндылықтары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру, «ҚХА-ның қызметі мен басым бағыттары», «Біртектілік пен бірлік: Болашағы біртұтас ұлт», «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және т.б. тақырыптарда жастар мен мақсатты топтар арасында кездесулер өткізді. Осы күнге дейін ұйымдастырылған дәрістерге 17 мыңға жуық адам қатыстырылды. «Мәңгілік Ел» идеясын ғылыми тұрғыда талдау, түсіндіру және халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері мен ғылыми қоғамдастық өкілдерінің бастамасымен 80-ге тарта ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, 4 монография, 3 әдістемелік және 2 оқу құралы жарық көрді. Ғылыми-танымдық бағыт бойынша да көптеген жұмыстар көш ілгеріледі. Әсіресе, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» пойызы жалпыреспубликалық акциясы, «Тәуелсіздік пойызы» облыс халқын бір серпілтіп тастады. Сонымен бірге, 2016 жылдың қыркүйек айында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы меморандумға отырып, өзара бірлескен іс-шараларды атқаруда.
«Достық үйінде» облыс әкімі, Қызылорда облыстық ҚХА төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының түрлі шаралары ұйымдастырылып келеді. Әрбір шара облыс халқының бірегейлігі мен тұтастығын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың бір ғана көрінісі.
Тағы бір жағымды жаңалық – «Достық үйінде» тілдерді оқыту кабинеті де жүйелі жұмыс жүргізуде. Кабинетте мемлекеттік және ағылшын тілдері оқытылуда. Соның ішінде, қазақ тілі өзге этнос балалары мен жастары үшін 63 сағаттық оқу бағдарламасы негізінде аптасына 2 реттен оқытылады. Сондай-ақ, этномәдени бірлестік өкілдері қазақ халқының салт-дәстүріне арналған түрлі шараларға қатысып, өз танымдарын арттырып келеді. Этнос өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 16 маусым мен 4 қараша аралығында 813 шара өткізіліп, жобаға 35047 бала тартылды. Жоба аясында 1444 бала қазақ тілін меңгерді. Жоба жеңімпаздары В.Фролова, А.Розметов, А.Черкезюк республикалық фестивальге қатысып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің отырыстарында жергілікті мекемелердің атқарған қызметтері туралы қоғамдық тыңдау жүйелі өткізілуде. Бүгінде облыстың Қоғамдық келісім кеңесі жұмыстарының оң тәжірибесі республика көлемінде насихатталып жүр. Мәселен, 2016 жылдың қарашасында Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген семинарда Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылдық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы үлгі ретінде таныстырылды.
«Ақ орамал» республикалық акциясы барысында «Достық үйінің» алаңында «Ақ орамал – бейбіт болашақтың белгісі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Акциясы аясында облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі форматта 343 шара өткізілді. Қайырымдылықты үйлестіру және дамыту бойынша 2306 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 343 417 162,56 теңгенің көмегі көрсетілді.
Облыстық Аналар кеңесі «Аналар аналарға» атты қайырымдылық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрады. «Hand made» атты көрме-жәрмеңкесі, Шахан қаласында орын алған қайғылы оқиға ұшыраған азаматтарға қолұшын созып «Шахан көмек», 1 наурыз - Алғыс айту күні, 22 наурыз күні қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері облыстық ассамблеяның ақпараттық-насихаттық тобының құрамында барлық аудандарда болып, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру жолындағы еңбегі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісім саясаты туралы дәрістер оқып, кездесулер өткізді.
«Достық үйі» – ынтымақ ұясы іспетті. Себебі, бекем бірлік пен берекелі іске бағыт алған әр этностың өз тарихы мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беріп, жағдай жасап отыр. Бұл да болса ұлтаралық келісімді одан әрі дамыту, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру, елдегі бейбітшілік пен достықты сақтау бағытында мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстардың жемісі іспетті.
Облыстық ассамблеяның жұмысшы органы болып облыстық әкімдік аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ шілде 2014 жылы құрылды. Қазір мұнда 4 бөлім және бір сектор жұмыс істейді. Аудандар мен Байқоңыр қаласында 7 сарапшысы бар.
Айта кету керек, Қызылорда облыстық ассамблеясы іс тәжірибесін ҚР Президент Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мәжілісінде үлгі ретінде қозғалды. Әсіресе, «Қоғамдық келісім» КММ құру туралы Сыр елінің бағалы бастамасын бүгінде Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары жалғады.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2017 жылға арналған қайырымдылықты дамыту және үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес есепті мерзімде 12 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 4328 адамға 20,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. 2016 жыл мен 2017 жылдың І-ші тоқсаны аралығында «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын іске асыру мақсатында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қатысуымен облыс көлемінде 3394 түрлі форматтағы көпшілік-мәдени шаралар, кездесулер өткізілді. «Мәңгілік Ел», «Тәуелсіз Қазақстан» пойыздарының жалпыреспубликалық акциялары, «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы облыста кең ауқымда ұйымдастырылды. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру бойынша Алғыс айту күні мерекесі облыс көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жалпы халықтық сипат алды. Өңірдің барлық ауданы, қаласы мен елді мекендері, облыстық, аумақтық басқарма мен департаменттер, аудандық, қалалық бөлімдер, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, құқық қорғау органдары, жоғары және орта оқу орындары, мектептер мен балабақшалар, мәдениет үйлері мен кітапханалар, мұражайлар мен галереялар атсалысты.
Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізіндегі ашық диктант жазуға облыс бойынша 2002 адам қатысты. Оның 511-і этномәдени бірлестік өкілдері, 258-і қоғам қайраткері, 301-і мемлекеттік және азаматтық қызметкер, 405-і студент және 83-і басқа да азаматтар. Қатысушылардың 911-і «өте жақсы» деген көрсеткіш көрсетсе, 822-сі «жақсы», 269-ы «орташа» деген бағаға ие болды.
Қайырымдылықты үйлестіру және дамыту бойынша 2306 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, 343 417 162,56 теңгенің көмегі көрсетілді.
Облыстық ассамблеяның «Сыр елі – достық мекені» ақпараттық-насихаттық тобы есепті мерзімде шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын «Галас и К», «Джунь Ю Тянь-Шань Мұнай Сервис», «SSM-Ойл» және «Көлжан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қызметкерлермен, сондай-ақ, облыс аудандарында тұрғындарымен кездесулер өткізіп, қоғамдық келісім, бірлік пен бірегейлік, ұлттық құндылықтарды насихаттады.
Барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беру ұйымдарында жүйелі түрде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «Қазақстанның бейбітшілік пен келісім моделі», «Индустрияландыру - экономикалық даму перспективалары», «Біртектілік пен бірлік» т.б. тақырыптар аясында кешенді ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Өңірдің 7 ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Мәңгілік ел» клубтары құрылып, жұмыс жасауда.
Облыс бойынша 299 мектептегі 143 мың оқушы мен 30 мыңға жуық жоғары және орта оқу орындарының студенттері қамтылған кешенді шараларға облыстық ассамблея құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, дәріс оқыды.
Жалпы, облыстық ассамблеяның ел алдындағы жұмыстары бұдан былай да серпінді түрде жалғаса береді.
Ләйлә ТӨРЕШОВА,
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы.