ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ЖЫЛ
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Елбасы биылғы жыл ел тарихында ерекше жыл болып саналатындығын атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелірінің бұл басқосудан күтері көп. Себебі бүгінде елімізде үлкен бетбұрыс жасалуда. Елбасының бастамасымен саяси реформа арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктері қайта бөлінді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді елімізді жаңа жаңғырулар күтіп тұр.
Бүгінгі сессияда «Бүгінгі Ассамблея тарихы – тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі. Биылғы Ассамблеяны кезекті сессиясы ерекше мезгілде өткелі отыр. Еліміздің үшінші мүшелге аяқ басуымен бірге бұл аса күрделі кезең. Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы тұрақты дамудың ең маңызды шарты екендігіне көзімізді жеткізіп отыр. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, бастуы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі мәселені өте жоғары деңгейде орындап келе жатыр. Ассамблея тарихы ол тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады. Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірегей тетігі», - деді Ұлт көшбасшысы.
Елбасының айтуынша алдымызға қойған ең басты мақсат өркендеп өсіп, 2050 жылға қарай жоғары дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып отыр. «Сондықтан біз әлемдік ахуал қандай болса да, алға қарай ұмтылуымыз керек. Көріп отырсыздар қанша дағдарыстан өтіп келеміз. Ешқайсысында сүрінгеніміз жоқ, экономиканы төмен түсірмедік. Биыл еліміз кешенді жаңғыруға кірісті. Ошақтың үш аяғындай болатын экономикалық, саяси және рухани бағыттың қай-қайсысы да айрықша маңызды», - деді Елбасы.
Уәлихан ИБРАЕВ
«Қоғамдық келісім» КММ директоры