МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН МӘЖБҮРЛЕП ӨТКІЗГЕН
Қызылорда облыстық прокуратурасы денсаулық сақтау туралы заңнамалардың қолдануылуына жүргізілген талдау нәтижесінде мұғалімдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 24.02.2015 жылғы №128 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында» қаралмаған түрлерінен медициналық дәрігерлік тексеруден өтетіні анықталды. Және оларға бұл қызмет ақылы түрде көрсетілген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Облыс прокуроры Х.Дәуешов, ереже талаптарына сәйкес, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері әрбір оқу жылының басында терапевт дәрігерінің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиістігін атап көрсетті.
Тек жылы ғана емханалар өздерінің бюджетін толтыру үшін 4 мың мұғалімді офтальмолог, отоларинголог, хирург, гинеколог және тағы басқа дәрігерлерден қосымша өтуді міндеттеген, осы арқылы 3,5 млн. теңге табыс тапқан.
«Прокурорлық шаралар нәтижесінде емханалар оқытушылардан негізсіз алған ақшаны қайтаруда. Қазіргі таңда 2 мың мұғалімге 2 млн. теңге қайтарылды», - деп хабарлайды облыс прокуроры.