ТАТУЛЫҚ ТҰҒЫРЫ
Қазақ «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген. Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты.
Бақыт бағалай білгеннің басына ұялайды. Тыныштық пен өзара түсіністік, сабырлылық пен сақтықтың арасында азды-көпті уақыт бедерінде алаңсыз тіршілік етіп келеміз. Енді әрі қарай да бағыт-бағдар да – осы.
Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамбеясының кезекті ХХV сессиясында ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктер еске алынып, Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамбеясы өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде.
Ассамблея дегеніміз – ең алдымен бірлік пен татулық. Ұлттар арасындағы сыйластықтың гүлдене түсуіне осы құрылымның қосып отырған үлесі зор.
Берекесі мен таулығы жарасқан елдің шаңырағы биік болатыны сөз. Олай болса Ассамблея ең алдымен құтты мекеннің бірлігі мен тірлігіне сызат түсірмеуді көздейді. Ал халық бірлігі мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымен болашағы күшті өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.
Гульчин ГЕЙДАРОВА,
облыстық түрік этномәдени
орталығының төрайымы