ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРДІ САТҚАН АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан 49 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Қызылорда ІІД баспасөз қызметі.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және (немесе) тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу шарасы қолданылды.
Айта кетерлік жайт, облыс әкімінің қаулысы бойынша діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды Қызылорда қаласындағы «Жамағат», «Жамағат – 2» және «Жанұя» кітап дүкендерінде ғана сатуға, таратуға арнайы рұқсат етілген.