ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН ПУШКИНДІ СҮЙІСТІРГЕН ЖАРНАМА ЖАСАУШЫЛАРДАН 34 МЛН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛЕТІН БОЛДЫ
Алматыда Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған плакатын жасаушыларға қарсы арызданған Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері мен оқытушылары сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі сот залынан.
Азаматтық істер жөніндегі Алмалы аудандық соты жарнама агенттігін арызданушыларға 34 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге, сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам алдында кешірім сұрауға міндеттеді. Естеріңізге салып өтсек, Құрманғазы атындағы консерватория студенттері мен оқытушылары Havas жарнама агенттігінен 34 млн теңге өндіріп алуды талап еткен болатын. Кейінірек олардың қорғаушысы соттан өтемақының нақты сомасын анықтап беруді сұрады. Жарнама агенттігінің жақтаушысы Джохар Өтебеков соттан бұл шағымды қанағаттандырмауды сұрады, сондай-ақ БАҚ арқылы кешірім сұрау талабына да қарсылық білдіріп отыр. Себебі, оның айтуынша, бұл адамның конституциялық құқығына қайшы келеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Құрманғазы мен Пушкинді сүйістірген плакаттың авторларын Алматы әкімшілік соты мемлекет қазынасына 315 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеген еді.