«ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА»
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасы айтқандай, елдің татулығының, бірлігінің сақталып келе жатқанының айғағы ретінде облысымызда ауқымды шаралар жалғасын табуда.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен шілде айынан бастап облыс көлемінде «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасы аясында «Достық керуені» жұмыс атқарып келеді.
2014 жылдың 25 қазанында Белкөл кентінде «Евоо-Азиаттық құрылыс корпорациясы» мердігерлік компаниясының ұжымына арналған «Достықта жоқ шекара» атты кең ауқымды ақпараттық-насихаттық шара ұйымдастырылды. «Евраскон» ААҚ ұжымында әртүрлі ұлттардың өкілдері жұмыс жасайды. Атап айтқанда, қазақтар, түріктер, азербайжандар, орыстар, кәрістер және дагестандықтар.
«Евраскон» ААҚ мердігерлік компаниясының 150-ге жуық өзге ұлт өкілдерінің алдында сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Турешова шараның басты мақсатын, Қазақстанда түрлі этностар тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, елдің татулығы мен ауызбіршілігі, достығы мен бірлігі – ең басты құндылығымыз ретінде оны сақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, өңірдің ірі өндіріс ұжымдарында Қоғамдық келісім кеңестерін құру жұмыстарына тоқталып, аталған кеңестің зор мүмкіндіктерін сөз етті.
Концерт барысында өзбек этномәдени орталығының төрағасы А.Хамидов, татар этномәдени орталығының белсенді мүшесі Р.Смаханова, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының белсенді мүшесі А.Триновалар да республикамызда, өңірімізде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруда бірлестіктердің одан әрі жұмысты жалғастыра беретінін атап өтіп, оған барлығының үлес қосуына шақырды. Қатысып отырған жұмысшыларға жылы лебіздерін айтып, орталықтарының атынан музыкалық сәлемдерін тарту етті.
Игі шарада «Евраскон» ААҚ мердігерлік компаниясының жұмысшылары назарына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, Сыр елі жайлы бейнематериалдар ұсынылды.
Шара соңында компания басшысы М.Мансұров сөз алып, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің тұрақтылығына қызығушылығын білдіріп, келісім-шарттары аяқталғаннан кейін де басқа жобалар бойынша жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді. Әзербайжандар мен қазақтардың бауырластығын, олардың басын біріктіретін Қорқыт Ата екенін мақтаныш сезіммен айтып, Сыр өңіріне ризашылықтарын білдірді.