МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Талап Мұстафаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сабақ өткізді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Сабақ барысында Т.Мұстафаев ҚР 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жемқорлық үшін жазалау шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары туралы түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салынатындығын еске салды.
Егер сыйлық ресми кездесулерде алынған болса 7 күн ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік комитетіне берілуі тиіс, егер сыйлық уақытылы берілмесе, сондай-ақ, 2 АЕК асса пара ретінде бағаланады, 2 АЕК-ке дейін болса да әкімшілік немесе тәртіптік шара қолданылатындығын атап өтті.
Осы талапқа байланысты жеке құрамға бейнеролик көрсетілді.