АЛИМЕНТ МӨЛШЕРІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен алимент мөлшері төмендетілді.
Талапкер К. сотқа талап арыз беріп онда өзінен сот бұйрығымен барлық табысының 66 пайызы кәмелетке толмаған үш баласын асырап бағу үшін алимент өндірілетінін, алимент мөлшері 50 пайыздан асып кеткенін, заң талабына сәйкес алимент мөлшері 50 пайыздан аспауы тиіс екенін, сондықтан соттан алимент мөлшерін төмендетуді сұрады.
Сот шешімімен талапкердің талап арыз қанағаттандырылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі