ТӨРТ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ
Облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіруді жақсарту, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға тиісті шара қолдана отырып мемлекет бюджетіне қаржы өндіруді ұлғайтуды көздеген шараға әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қатар, Жергілікті полиция және өңірлік жеке сот орындаушылары жұмылдырылды.
Аталған іс-шарада қала бойынша 5 мобильді топ жасақталып, өңірлік сот орындаушылары жасаған кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бірлескен іс-шаралар аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қамалып, мемлекеттік белгілері алынды.
Шара басталғалы бері сот орындаушылардың қаулысы негізінде барлығы 11 млн. теңге құрайтын 258 мемлекеттік белгі алынып, 198 автокөлік айып алаңына жеткізілді, 4 млн. теңге айыппұл өндірілді.
Қала орталығындағы 14 учаскелік аумақтағы учаскелік полиция инспекторлары борышкерлердің мекен-жайларын аралап, салынған әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде өтеу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, айыппұлдарды өндіру жөнінде смс-хабарламалар таратылуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі ққала тұрғындарына салынған айыппұлдар жайлы қосымша ақпарат алғылары келсе, Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №22 мекенжайында орналасқан Әкімшілік практика бөлімінен немесе admpraktikakzo@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша алуға болатындығын хабарлайды.