ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРУ ФАКТІСІМЕН 11 АДАМ ҰСТАЛДЫ
2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылған.
Сонымен қатар террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталып отыр. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізілуде.