ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САБЫРЖАН КЕҢШІЛІК ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
«STOP ҚЫЛМЫС» жобасы аясында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының 10 жылдығына орай «Нұрлы болашақ жолында!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Алаш зиялыларының өнегесін тәрбиелеу, болашақ ұлт зиялыларын тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді арттыру және халықтар достастығын нығайту мақсатында өткен бұл турнирге 9 аймақтан 64 пікірсайысшы қатысты.
Екі күнге созылған аталмыш турнирдің бірінші күнінде БПФ форматы бойынша іріктеу кезеңі, ал екінші күнінде жартылай финал және финал өтті. Турнир қорытындысы бойынша ІІІ-орынды Тараз қаласынан келген «Жазалаушы мен қорғаушы» фракциясы: Джаналиев Сағат және Сәрсенбек Ақнұр, ІІ-орынды Астана қаласы «Парасат» пікірсайыс клубының «Форс Мажор» фракциясы: Әуесханова Жанаргүл және Жолмағанбетов Ернар иемденді. Бас жүлдені "Қас Сақ" фракциясы: Қызылордалық Кеңшілік Сабыржан және Семейлік Ықыласов Қайрат иемденді. Барлық қатысушыларға арнайы диплом мен халықтың рухани мұрасына айналған кітаптар , марапат иелеріне ұялы телефондар мен фотоаппараттар табыс етілді.