СЫРДАРИЯЛЫҚ КӘСІПКЕР КИМЭП УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУДАН ӨТТІ
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4-ші бағыты аясында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының кәсіпкері КИМЭП Университетінде «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Анар Қожаниязова марапаттады.
Ғалия Алдамжарова Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің тұрғыны, жақында Алматыдан аталған жоба бойынша оқудан өтіп келді. Ғалия Алдамжарова – кәсіби тіс дәрігері, жергілікті кентте өзінің шағын бизнесі бар және жиырма жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар маман тұрғылықты жерде алғашқылардың бірі болып бизнесін ашты. Ескерте кетсек, 2013 жылы кәсіпкер 1000000 теңге қайтарымсыз гратқа ие болды, бұл грантты «Лукойл» мұнай компаниясы жыл сайын бизнес идеясы және оны дамытуға талпысы бар Сырдария және Жалағаш аудандары тұрғындарға бөліп тұрады. Грант қаражатына және өзі жинақтаған қаржыға Ғалия Есімкеқызы стоматологиялық құрал-жабдықты жаңартып, қосымша қажетті материалдар сатып алды. Осының нәтижесінде сапалы қызмет көрсететін орталыққа келушілер саны одан әрі өсе түсті. Өз қызметінде стоматолог-дәрігер емдеудің жаңа заманғы әдістері мен технологияларды пайдаланады.
Ғалия Алдамжарова аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі Смағұлова Лаураның кеңесіне құлақ түріп, «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында Алматы қаласындағы КИМЭП Университетінде оқудан өтуге қызығушылық танытты. Оқуды ұйымдастырушыларға, оның ішінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалына өз алғысын білдірген кәсіпкер өз сөзінде оқу тренингтерінің маңыздылығын айта келе, оқу процесі аяқталғанда бизнес-жоспарды өзі жазуды үйренгенін айтады. «Жоба көңілімнен шықты. Менің ойымша, оқыту бағдарламасы барлық талапқа сай және бизнесті басқаруда жаңа әдістерге үйрете отырып, бизнес-лидер болу үшін қарым-қатынасты қалай жасау керектігіне де қанықтырады. Оқудың бағдарламасы қатысушылар үшін қиын мәселерді дер кезінде сәтті шешуге мүмкіндік беретіндей қолайлы жасалған»,— дейді бизнес леди.
Оқу соңында қатысушылар өз бизнесінің дамуы тақырыбындағы бизнес-жоспарларын тапсырып, сәтті оқудан өткендігі жөнінде сертификатқа ие болды.