ЖАУЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Өткен жұмада Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында құрықтау операциясында қырағылығымен, ұтқырлығымен көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмысты ашуда жоғары шеберлік пен қырағылық танытқаны үшін «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дархан Исабекті марапаттаса, Шиелі ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Мақсат Сотбековке жаңа үлгідегі ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісін тақты.
Айта кету керек, 26 қыркүйекте Шиелі кентінде букмекерлік кеңседен қаруланған белгісіз азаматтың ірі сомада ақша ұрлағаны жайлы хабарлама берілген болатын. Аталған хабарлама бойынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлінісінің басшылығы және жеке құрамы қылмыскерді құрықтау үшін тез арада топ жасақтап, қолға түсіру операциясын жүргізді. Қызметкерлердің ұйымдасқан, ұтқыр әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталып, букмекерлік кеңсе қожайындарына қолды болған ақшалары қайтарылды.
Шынар БЕКБАН