АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Жыл басынан Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты келіп түскен өтініштерді қараудың тиімді жүйесі жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қылмыстық істің жүру барысы мен және қабылданған шешімдер жайлы прокуратура органдары арқылы немесе азаматтардан тікелей келіп түскен арыз-шағымдарды арнайы құрылған топ саралайды. Шағым иелеріне жауап облыстық ішкі істер департаменті бастығының қолымен беріледі.
Осы арқылы азаматтарды ретсіз әуре-сарсаңға салу жойылып, тергеу және анықтау құрылымдарының азаматтардың өтініштері және қылмыстық істі тергеу барысындағы жауапкершілігі артты. Есепті мерзімде азаматтардың тергеу және анықтау жұмысына қатысты Ішкі істер департаментіне және прокуратураға жолданған арыз-шағымдардың саны 3 есеге, ал ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданған арыз-шағымдар 11% -ға төмендеген.
Сонымен қатар, прокуратура органдары тарапынан тергеушілер мен анықтаушыларға қатысты жолданған ұсыныстар мен қозғалған тәртіптік істердің саны 20 пайызға азайған.