ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ ӨЗІНЕ АЙЫППҰЛ САЛДЫ

Полиция басшысының көлігі сағатына 75-80 мильмен (сағатына 120-130 шақырым) жүрген екен. Бұл небәрі 1000 адам мекен ететін Сперри қаласында рұқсат етілген жылдамдықтан 20 мильге артық.
Өз жазбасында Берч бұл әрекеті бейнетаспаға түсіп қалғанын және жылдамдықты арттыруға салмақты себеп бар екендігін айтады. «Бірақ осы қылығым үшін айыбымды өтеуге әзірмін» дейді ол
Полиция басшысының өз-өзіне салған айыппұлының көлемі 300 АҚШ долларынан асады.