КОНДОМИНИУМДЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ТОҚСАН САЙЫН ЕСЕП БЕРУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ
Кондоминиумды басқару органы пәтер иелерінің алдында тоқсан сайын есеп беруге міндетті болады. Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті. Еске салайық, комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
Тоқтала кететін жайт, заң жобасына сәйкес, кондоминиум нысанын басқару органының ашықтығын қамтамасыз ету нормалары қарастырылып отыр. «Бұл ретте кондоминиум нысанын басқару органының міндеттемелеріне тоқсан сайын пәтер иелерінің алдында есеп беру нормасы да қамтылып отыр. Басқарушылар ортақ мүлікті басқаруға қатысты шығыстар туралы есепті жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде ұсынатын болады», - деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, осы норманы жүзеге асыру мақсатында келешекте кондоминиум нысанын басқарушылар арнайы сайттар да ашатын болады, онда пәтер иелері тікелей басқару жұмысына электронды дауыс беру арқылы қатысатын болады.
«Бұдан бөлек, заң жобасы бойынша тұтынушылар алдында коммуналдық қызметті сапалы көрсету мақсатында ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттерді сақтауға міндеттеу талаптары белгіленетін болады», - дейді вице-министр.