ӘЙЕЛІН БАЛАҒАТТАП, 5 ТӘУЛІККЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша ол бұған дейін де Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған екен. Содан қорытынды шығармай, өз үйінде масаң күйде жұбайын балағаттап, отбасы тыныштығын бұзған.
Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.