БАЙҚОҢЫР ПРОКУРАТУРАСЫ 230 БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады. Баланың құқықтары мен мүдделері заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады.
Осы мақсатта өткен жылдың екінші жартысынан бастап еліміздің Бас прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп, «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі. Оның мақсаты – балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру.
Жобаны іске асыру аясында заңнамалық деңгейде алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарау, мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаңа қылмыстық жаза түрін енгізу, мемлекеттік қызмет түрлерін ала алмайтындай шектеуге байланысты шараларды арттыру ұсынылды. Ұсынылып отырған шаралар баланың мүддесін қорғауға және борышкердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесінде биылғы жылдың 3 айында 38 борышкер жұмысқа орналастырылып, жұмыссыз ретінде 11 адам тіркелді. Олардың төртеуіне жұмыс орны ұсынылды. Бірақ олар түрлі себеп айтып, бас тартты.
Борышкерлерге қарсы ҚР ҚК 139 бабына сәйкес соталды тергеу жұмыстары басталды, 2 іс сотқа берілді. Сондай-ақ борышкерлермен жұмыс ҚР ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігі тарапынан да тұрақты жүргізілуде. 19 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
230 балаға 38256233 теңге алимент өндіру үшін 133 орындау құжаттары аяқталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасады. Апталық жұмыс қорытындысы Байқоңыр қалалық прокуратурасындағы ведомоствоаралық отырыста талқыланып отыр.