РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Жаңғырудағы басты мақсат ел Тәуелсіздігін мәңгілік ету. Бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты қадамдар жасалуда. Түптеп келгенде, екі жаңғыруды табысты еңсерген ел алдағы межелі міндеттерді орындау барысында Мәңгілік ел идеясына сүйенеді. Бұл дегеніміз Елбасы саясатының, реформалардың және мемлекеттік бағдарламалардың бір-бірімен үндесуі, бірін-бірін жалғауы деген сөз. Ал, бұл ретте бірегейлік ұғымы біз үшін ерекше. Өйткені, руханияттың алғы шарты қашанда біртұтастық. Осы ұстанымды ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен саясаттанушылар қолдап, қуаттау үстінде. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат Ұлт Көшбасшысының мақаласын оқып, ой түйіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу керек. Ол үшін рухы биік елдің ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек.
Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.