РАҚЫМШЫЛЫҚ ЗАҢЫ ҚОЛДАНЫЛЫП, ЖАЗАНЫҢ ӨТЕЛМЕГЕН БӨЛІГІНІҢ ЖАРТЫСЫ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

Заңның 4-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған I, ІІ және ІII топтардағы мүгедектер осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің жартысы қысқартылады.
Сот, сотталған Т-ның ұсынысқа келісіп, жазасының өтелмеген бөлігінің жартысын қысқартуға қарсы емес екендігі туралы уәждерін ескеріп, аталған Заң талабына сай, Заң қолданысқа енгізілген күнге Қазалы аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігінің жартысын қысқартып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі